info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Биді бизнеске айналдырғандар

Жаңалықтар
01.09.2020

Би – бекзат өнер. Әлемде би түрі көп, олардың әрқайсысы өз алдына ерекше. Адамдар жан ләззаты үшін үшін билейді және оны табыс көзіне де айналдыруға болады.

2007 жылы Оралдық жас жігіттер «Батыс» командасын құрып, іс-шараларға, би жарыстарына қатыса бастады. Жыл сайын Рахимов Бауыржан басқаратын топ өз бизнестерін дамыту үшін жаңа идеяларды қолға алып, жаңа костюмдер мен билерді ұсынып отырды.

IMG_20200821_110405.jpg 

2018 жылы «Батыс Light Show» ЖШС тіркеліп, жаңа бейнелер, яғни, жарық диодты костюмдер пайда болды. Жарықдиодты шоу - бұл қараңғы ғимарат ішінде немесе түнгі аспан астында жарқыраған элементтері бар арнайы костьюмде өнер көрсету. Костюмдер мен қосымша реквизиттен тарайтын жарық, бишілердің үйлесімді қозғалысымен қосылып көрермендерге естен кетпес әсер қалдырады. Жаңа шоуды жігіттер тек Батыс аймағында ғана емес, басқа өңірлерде де көрсетіп жүр.

2019 жылы жас кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтеусіз грант ұтып алды. Қаражатты қосымша костюмдер мен жабдықтар сатып алуға жұмсады. Қазір олар іс-шараларға қатысумен қатар, балаларға би үйретуге арналған мектеп ашты.

Instagram:@bls_batys_light_show

Телефон: 8 747 235 04 04

Мекенжайы: Орал қаласы, Жеңіс ш/а, 21.

Даму қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.