info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Жылы, сенімді және берік»

Жаңалықтар
01.09.2020

«Жылы, сенімді және берік». Бұл — үй мен өндіріске пеш пен қазандықтар шығаратын отандық зауыттың ұраны.

2.JPG

«ТeploStandart» ЖШС басшысы Страхов Дмитрий Владимирович 2002 жылы жылу қазандықтарын шығаратын зауыт ашу идеясын жүзеге асыруға кірісті. Оның алдында жылу және сумен жабдықтау жүйелерін орнатумен айналысып жүрген кезде ол нарықтағы жабдықтардың сапасы сын көтермейтінін, тұтынушының сұранысын толық қанағаттандыра салмайтынына жиі куә болатын.

Екі жылы ізденуге, зерттеуге, су және жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне арналған осындай жабдық сату бөлімін ашуға кетті. Ал 2004 жылы компания қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтарды өзі жасай бастады және шағын үйлерді жылытатын алғашқы нұсқасын шығарды. Қазандықтар Талдықорған қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына ұнады. Оған дәлел ретінде өндіріс артып, шығаратын қазандық саны көбейе бастады.

Бүгінде зауытта үстінен көмір салынып, ол ұзақ уақыт жанатын 80, 100, 150, 200 КВт қуаты бар «Вулкан» өнеркәсіп қазандары, дизель отын және газбен жанатын 100 КВт қуатты бар «Ква» қазандары, КСТ-қатты отын, КСТГ қатты отын/газға арналған «Курган» қазандықтары шығады. 2020 жылдың жаңа өнімдері: Вох сериялы қазандықтар, «Искра», «Олимп», «Алау», «Искра ДГ – газ, ағашты» монша пештері. Монша пешінің басқа да жаңа моделі дайындалуда.

2003 жылдан бері 20 мың үйді «TeploStandart» қазандықтары жылытады. Компания сервистік қызмет те көрсетеді. Құрал-жабдықтардың сапасын сервис қызметі тексеріп отырады.

Өндіріс қуатын арттыру үшін «TeploStandart» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Даму Өндіріс» бағдарламасы аясында 6%-дық жеңіл несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Даму» қоры несиеге кепілдік берді. Соның арқасында «TeploStandart» ЖШС темірді ию станогы мен лазермен кесу құрылғысын сатып алды. Сөйтіп, компания қазандықтардың жаңа желісін іске қосып, жаппай шығарылымын реттеп, өндіріс цехындағы қызметкерлер санын арттыра алды.

Мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Медеу көшесі, 12

Байланыс телефоны: +7 (776) 213 45 45

Сайт: teplostandart.kz