menu
Жабу

Микробизнесті қолдау - жаппай кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жолы

Жаңалықтар
02.09.2020

Аязбеков Нұрлыбек Әубәкірұлы 2012 жылдан бері Талдықорған қаласының базарында ыдыс-аяқ пен ас үй жабдықтарын сатумен айналысады.

фото руководителя.jpg

Сөресі ешқашан бос болған емес. Қала тұрғындары ішінде Нұрлыбектің тұрақты клиенттері көп. Үнемі ыдыс-аяқ түрін жаңартып, алуан түрін жайнатып қоятын ол өзіне ұдайы келіп сауда жасайтын жандарды жақсы таниды және әр түрлі жеңілдіктер ұсынып, ынталандырып отырады. Қысқаны, өзінің шағын кәсібін сүйеді және табыс тауып, салық төлеп шағын бизнесін дамытудың жолдарын қарастырып отыратын ізденімпаз жан. Әдетте бизнестің бұл түрінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін тауар айналымы үнемі толықтырылып, тауарлар жаңарып отыруы керек.

Айналымға қаражат қажет болған кезде «Аязбеков Нұрлыбек Әубәкірұлы» ЖК «Еңбек» бағдарламасы аясында жеңіл несие түріндегі мемлекеттік қолдауды пайдаланып, «Даму» Қорының кепілдігінің арқасында «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 6%-бен несие алды.

Қарапайым еңбекқор жанның кәсібіне сәттілік тілейміз.

Мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Гаухар Ана көшесі,83.

Телефоны: +7 777 818 11 14