Мемлекеттік бағдарламаға шағын несиелеуге арналған портфельдік субсидиялау мен кепілдендірудің жаңа құралдары енгізілді.
3 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ пен «Сбербанк» АҚ ЕБ арасында «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына микронесиелеу енгізілген өзгерістер аясында портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімге қол қойылды.
Енгізілген өзгерістер бойынша, бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеулерсіз қатыса алады. Номинал сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспауы тиіс. Кәсіпкер төлейтін несие пайызы жылына 6%-ды құрайды. Номинал мөлшерлеме мен қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме арасындағы айырманы мемлекет субсидиялайды.
Үкіметтің шешімі бойынша, мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және несие мен микронесие бойынша ішінара кепілдік беруді «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырады. Осылайша, несие беру жайлы шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы қабылдайды. Ал несиені субсидиялау және кепілдік беру туралы шешім хабарлама сипатында болады.
Айналым қаражатын толықтыруға арналған несие бойынша ең жоғары сома 5 млн теңгеден аспайды, субсидиялау мерзімі 2 жылға дейін. Инвестиция үшін берілетін қарыздың максимал сомасы 20 млн теңге, субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін. Бір кәсіпкерге деген лимит 20 млн теңге. «Даму» Қорының кепілдік мөлшері қарыз сомасының 85% құрайды.
Сбербанк екінші деңгейлі банктер ішінде алғашқы болып портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімге қол қойды. Сбербанктің мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламаларына қатысуы қаржы институты қызметінің басым бағыттарының бірі саналады. Өйткені ол Үкіметтің экономикалық саясатының талаптарына сай және экономиканың нақты секторларын қолайлы несиемен қамтамасыз етіп келеді.
Портфельдік субсидиялау және кепілдік беру құралдары ыңғайлы. Өйткені қаржы беру туралы шешімді тек банк немесе микроқаржы ұйымы ғана қабылдайды. Осылайша, несие алуға деген өтінімді қарау кезеңдері мен мерзімдері айтарлықтай қысқарады және жалпы кәсіпкерлерге қолдау көрсету шаралары оңтайланады», - деп түсіндірді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.
«Сбербанк» кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларына белсенді қатысады. Негізінен шағын және микро бизнеске арналған жаңа бағдарлама клиенттеріміздің несие құралдарына қысқа мерзімде қол жеткізуіне көмектеседі. Бүгіннен бастап біз онлайн режимде де, банк филиалдарында да аз құжат талап ете отырып, өтінімдерді қарауды бастаймыз»,-деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.