info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Тараздық кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасының арқасында көлік жуу орнын ашты

Жаңалықтар
03.09.2020

Тараздық кәсіпкер ретінде Сабденалиев Құрман Тұрсынәліұлы 2018 жылы тіркелген. Әр түрлі идеялар ойластыра келе ол 2019 жылы көлік жуу орнын ашуға бекіді. Дереу Тараз қаласы, әл-Фараби көшесінің бойында бұрыннан бос жатқан жекеменшік жер теліміне көлік жуу орталығын салуға кірісті. «ARGYMAQ» атты нысанды ашу үшін оған жабдықтар сатып алу керек еді. Қосымша қаржы осы кезде керек болды.

Кәсіпкер дереу «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Онда менеджерлер қолдау көрсетіп, нәтижесінде «Сбербанк» АҚ арқылы 8,5 млн теңге несие алды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,0 млн теңгеге кепілдік берді.

Құрман Тұрсынәліұлының бастамасына сәттілік тілейміз!

Мекенжайы: Тараз қаласы, әл-Фараби көшесі, №60-а.

Тел.: +7(777) 086-94-25