1998 жылы Семей қаласындағы трикотаж фабрикасы жабылып, барлық өндірістік жабдықтар қаңырап, жоғары білікті мамандар далада қалды.
Осы сәтті пайдаланған Омарова Сакан Мақашқызы мектеп формасын тігуге кірісті. Жұмыссыз қалған фабрика қызметкерлерін қайтадан жұмысқа алып, жекеменшік тігін цехын ашты. Ол кезде күдік пен үміт басым болып бастаған ісі өмірінің бір бөлшегіне айналарын әлі білмеген еді. Қазір «Ателье Омаровых» ЖШС Семейдегі ең танымал тігін цехы. Себебі мұнда трикотаж киімдердің сан алуан түрлері тігіліп, мектеп оқушыларына сапалы да ыңғайлы әрі сәнді формалар шығарылады.
2017 жылдың басында несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялағанның арқасында астанада тоқыма өнімдерін шығаратын қосымша ателье ашты.
Өндірістік аумақ тарлық ете бастағанда 2017 жылы шілде айында Сакан Мақашқызы «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие рәсімдеді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 14,95% жылдық пайызбен берілген несиенің 8,95%-ын мемлекет субсидиялады, қалған 6%-ы ғана кәсіпкерге жүктелді.
Осылайша, мемлекеттің қолдауымен ШҚО, Семей қаласы, Спартак көшесі, №32 мекенжайында орналасқан, ауданы 204,2 ш.м. болатын қосымша тігін цехы іске қосылды. Бұл жоба сауда нарығын кеңейтуге және Семей қаласының оқушыларын ғана емес, Шығыс Қазақстан облысының жақын өңірлерін де сапалы мектеп формасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шәкәрім көшесі, 20
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Спартак көшесі, №32
Байланыс: 8 777 234 78 25
Instagram: @atelie_omarovih