Тұрмыстық химия өндіретін Павлодар зауыты мемлекеттің қолдауымен дамып келеді

Жаңалықтар
07.09.2020

2009 жылдың басында құрылған «Қазбытхим» ЖШС тұрмыстық химия зауыты қысқа мерзім ішінде Қазақстанның көптеген аймақтарында танымал болды. Әлемдік жетекші көшбасшылардың бестігіне кіретін әлемге әйгілі Akzo Nobel (Голландия), Basf және Cognis (Германия), AFF (Англия) шикізат өндірушілерімен ынтымақтастық «Қазбытхим» ЖШС-ны сусабындардың, тұрмыстық химия тауарларының және барлық әлемдік стандарттарға жауап беретін жуғыш заттардың сапалы өндірушісі ретінде танылып, сапа мен баға бойынша тұтынушының сұранысын толық қанағаттандырды.

фото продукции Казбытхим3.jpg 

Қазір компанияда дезинфекциялық құралдар, ересектер мен балаларға арналған сусабындар, ванна көбіктері, душ гельдері, сұйық сабын, ыдыс жуғыш заттар және күнделікті өмірде қолдануға арналған басқа да өнімдердің көптеген түрін шығарады. Өнім Қазақстанның көптеген облыстарында, Ресей мен Өзбекстанның шекаралас аймақтарында сұранысқа ие.

фото продукции. Казбытхим.jpg 

Компания директорының орынбасары Олег Владимирович Михалевскийдің айтуынша, «арзан" несиелер кәсіпкерлерге үлкен көмек.

«2018 жылы біз алғаш рет «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауын пайдаландық. Несиені «Forte Bank» АҚ арқылы 6%-бен рәсімдеп, 48 млн теңге шикізат сатып алуға жұмсадық. Өткен жылы бізге автокөлік сатып алуға қаражат керек болған кезде мемлекеттік бағдарламаға қатысуға тағы да өтінім бердік. Субсидия арқылы пайызды төмендету өте ыңғайлы. «Даму» Қорында субсидиялау бойынша шешім өте тез қабылданды», - дейді О.Михалевский.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Forte Bank» АҚ автокөлік сатып алуға 4 802 000 теңге көлеміндегі несиені мақұлдады. 14,25%-дың 7,13%-ын мемлекет өтейді, кәсіпкерге қалған бөлігі қалады.

Павлодар қ., Сормов к-сі, 2,

факс.: +7 (7182) 33-40-00, Тел. +7 (7182) 65-04-36

э / пошта: kazbitxim@mail.ru