info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«SmArt.Point» - "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы

Жаңалықтар
08.09.2020

Қазір бизнес ашам деген жандар үшін бағыт көп. Солардың бірі – «Коворкинг» орталығы. Бұл – ірі қалаларда өте ыңғайлы. Себебі ғимарат жалдауға қаржы көп кетеді, іс бастаушы кәсіпкерлер мен фрилансерлер үшін тиімсіз.

6.jpg 

«SmArt.Point» – Алматы қаласындағы ең әсем коворкинг орталықтарының бірі. Интерьері әсем, жайлы және кең бөлмелерден тұрады. Бәрі ұсақ-түйектерге дейін ойластырылған. Мұнда түрлі семинар, дәріс, тренинг, конференциялар, тіпті көрмелер де өтіп тұрады. SmArt.Point жалпы ауданы шамамен 10 000 шаршы метрді құрайтын екі қабатты алып жатыр. Мұнда бір мезетте 700 адам жұмыс істей алады. Немесе 7-8 қызметкер бар мекемелер кеңсе ретінде жалдайды. SmArt.Point-ты стартап алаңы десе де болады. Тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн ашық тұрады. Мұнда келіссөз бөлмелері, ойын алаңдары және спорт зал бар.

4.ТУЙТЕБАЕВ БАЛТАШ ЖУМАТАЕВИЧ.jpg

Компания басшысы Балташ Жұматайұлы Түйтебаев жеңіл несие жайлы естіп «Даму» Қорына жүгінді. Қор менеджерлер» жобаны «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алғанға дейін сүйемелдеді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлген қаржы инвестицияға жұмсалды.

7.jpg 

«Қазір бұл жер бір, бірнеше күн, тіпті бірнеше айға дейін жалға алуға болатын барлық жағдайы жасалған инфрақұрылымға айналды! Біздің міндетіміз шығармашыл кластердің жас буынын дамыту. Біз ашық диалог, ашық-жарқын қала құруға және «өнер деген не» деген сұраққа жауап беруге және оның неге маңызды екенін түсіндіруге болатынына сенеміз», - дейді Балташ Жұматайұлы.

Мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, «Almaty Towers» БК, 1-2 қабат

Instagram: @smartpoint.me

Телефон: + 7 778 200 20 50

Веб-сайт: www.smartpoint.me