menu
Жабу

«Алтын Сара» - елордадағы ең үлкен Монтессори балабақшасы

Жаңалықтар
08.09.2020

image-03-09-20-11-36-2.jpeg

Балаларға арналған білім беру орталығының негізін қалаушы Лариса Фирстова – Қостанай қаласының тумасы. Білімді және білікті ұстаз. Бұған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, білім беру мәселелеріне жетекші болған.

«Орталықты ашқан күннен бастап мен балабақшаны балаларға, ата-аналарға және қызметкерлерге жайлы жағдай жасау туралы ойладым. Менің қызым Мария бір кездері Монтессори жүйесі бойынша балабақшаға барды. Мен ол жердегі әдісті ұнатып, өзім ашқан бақшаға енгізуді ұйғардым. Алдымен шағын алаңда, үш жастан алты жасқа дейінгі балалар жиналған бір ғана топ болды. Ал алдағы ақпан айында қызметімізге 7 жыл толады», - дейді Лариса Фирстова.

«Алтын Сара» балабақшасы үшін құрал-жабдық, жиһаз, спорт құралдары қажет болған кезде кәсіпкер «ForteBank» АҚ арқылы 14,25 пайызбен несие алды. Оның 5,7% пайызын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялады. Нәтижесінде кәсіпкер 8,55%-бен айырмасын ғана өтейді.

image-03-09-20-04-19-6.jpeg

Әдеттегі балабақшалар сәбилерді жазу мен оқуға жылдам үйретуді көздейді. Ал Мария Монтессори әдісі бойынша баланың физиологиялық дамуы ескеріліп, философиялық мәніне терең үңіледі. Бұл жүйеде бала өзінің табиғи мүмкіндіктерін зерттейді және дәл қазіргі дамуы үшін не қажет екенін түсінеді. Әр мұғалім өз тобын зерттейді, бала дамудың қай сатысында екенін ұғынады. Сол бойынша баланы өзі оқытпай, бағыттап отырады. Ата-аналардың айтуынша балалар мұндай ортада өздерін еркін сезінеді.

image-03-09-20-04-19-7.jpeg 

Бақша балаларды бір жарымнан мен мектеп жасына дейін қабылдайды. Ғимарат 180 балаға арналған. 9 топ, әр топқа 2 мұғалім және бір күтуші бөлінген. Әр топта жеке дәретхана, ас үй және ыдыс жуатын машиналар бар. 

image70.jpg

Күннің бірінші жартысы оқуға арналған, түскі ұйқыдан кейін балалар өздерінің сүйікті материалдарымен жұмыс істейді. Одан кейін хореография, музыка, фитнес, логопед, шығармашылық және шет тілдері секілді қосымша сабақтарға барады. Тамақтану мәселесіне мұнда ерекше назар аударылады. Барлық витаминдер мен микроэлементтер ескерілген толыққанды ас мәзірі үшін ештеңе үнемделмейді.

Ресми веб-сайт: www.altynsara.kz

Instagram: @altynsara.kz

Телефон: +7 (775) 947 85 33, +7 (7172) 950 439