Кәсіпкер Жаңабай Рысбаев Қызылорда облысындағы тұңғыш «КардиоМед» кардиологиялық клиникасын ашты.
Кәсіпкер өз клиникасын ашпас бұрын мемлекеттік ауруханада 30 жыл қызмет атқарған. Жеке бизнесін бастау мүмкіндігі кәсіпкерге 55 жасында туды. Әрі осы салада оның жұбайы компания менеджментін қолға алып, өз көмегін тигізуде. Жаңабай Рысбаевтың айтуынша, аймақта ақылы медициналық қызмет бизнес ретінде жылдам дамуда, алайда ешбір жеке клиника жүрек ауруларына аса көңіл бөліп, соған бағытталған қызмет көрсетіп отырған жоқ. Сондықтан кәсіпкер тәуекелге бел буып, аймақта алғашқы кардиологиялық орталық ашуды қолға алды.
Жаңабай Рысбаевтың медициналық орталығы кардиология саласында кеңестік, диагностикалық және емдік көмек секілді барлық қажетті қызметті көрсетеді. Мұнда тек диагностика жасалып қана қоймай, күндізгі стационар базасында емдеу шаралары да ұсынылады. Жақын аралықта клиника ұсынатын қызмет түрлерін арттыруға мүмкіндік берген жаңа диагностикалық ультрадыбыс стационарлық жүйеге қол жеткізді. Құрал-жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер арнайы бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған старт-ап бағдарламасына қатысты. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «КардиоМед» ЖШС банктен несие алуы үшін қажет болған 85% көлемдегі кепілдендіруді ұсынды. Сонымен қатар, компания алған несиенің үстеме пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.