info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Темір Металл» сапалы және сенімді өнім шығарады

Жаңалықтар
09.09.2020

«Temir Metal» ЖШС 2015 жылдан бері қара металл қалдықтары, сынықтарын, пайдаланылған мұнай-газ құбырларын қайта өңдеумен айналысып келеді. Мұндай құбырлардан кір, тот, оқшаулағыш материалдарды алып тастағаннан кейін, болат маркасы 14Г2 болатын металл парақтар шығарады.

фото руководителя.jpg

Компанияның мемлекеттік лицензиясы бар. Сондай-ақ өнімге сәйкестік сертификаты, 100% қазақстандық өнім екенін растайтын СТ-KZ сертификаты, тиісті сынақтардан өткені жайлы хаттамалары бар. Қазір компания серіктестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан, тұрақты көтерме сатып алушылары қалыптасқан. Дайын металл парақтар ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібіндегі әртүрлі металл конструкцияларын жасау үшін қолданылады. Мұндай өндіріс қаражат салымын үнемі талап етеді.

Компания айналым қаражатын толтыру үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14%-бен несие алды. Оның сегіз пайызын «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялап, нәтижесінде несиені тек 6%-бен төлейді. «Даму» Қоры кепілдік берді.

Мекенжайы: Алматы обл, Іле ауд, Өтеген батыр к-т, Калинин көшесі 2.

Сату кеңсесі: Алматы қ., 20 линия к-сі, №39, 118 кеңсе

Тел.: +7 (727) 2464601;+7 705 147 25 07, +7 771 790 21 90

E-mail: too_temir_metal@mail.ru

Сайт: www.tmetal.kz