info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Баланың күлкісі – күннің шуағы

Жаңалықтар
09.09.2020

Атырауда биыл наурыз айында «Marvel Dental Kids Clinic» атты жоғары дәрежелі балалар стоматологиялық клиникасы ашылды. Мұнда жиырмадан астам тәжірибелі дәрігер жұмыс істейді. Олардың арасында педиатр-кардиолог та бар. Жеке аллергологиялық зертхана жарақталған.

Клиникада кішкентай пациенттерге кариес, пульпит, қызыл иектің ауруы, жарақаттан кейін тістерді қалпына келтіру, тіс түзету, сүт тіс пен тұрақты тістерді емдеу, пломба салуда батыстың заманауи стандарттары бойынша көмек көрсетеді. Басқа стоматологиялық кабинеттерден айырмашылығы: баланың тісін газ севоран анестезиясымен ауыртпай емдейді.

   IMG-20200901-WA0025.jpg

Клиникада балаларға арналған ойын алаңы, күту бөлмесі бар, әр кабинет төбесінде теледидар орнатылған. Бала тіс емдеу кезінде мультфильмдер көріп алаңсыз отырады. Емнен соң балаға сыйлық пен арнайы марапат қағаз тапсырылады.

Клиниканы ашқан «Классик-Ара» ЖШС-і инновациялы клиниканы кеңейту керек болған кезде «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14,0 %-бен несие алды. Оның 8,0%-н мемлекет субсидиялады.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі 19А.

Тел: 87761261211, 87023264559

Instagram: @kidsdent_atyrau