Дағдарыс – сынақ қана емес, мүмкіндіктер де кезеңі. Бірнеше ай бұрын енгізілген төтенше жағдай кезінде экономиканың тұралап қалмауы үшін мемлекет тарапынан бар мүмкіндіктер жасалды. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына жасалған өзгерістер. Әсіресе саудадан басқа барлық бизнес түріне салалық шектеудің алынып тасталуы кәсіпкерлерге оң септігін тигізді. Бұған дейін «Даму» қоры қаладағы бизнесті экономиканың жекелеген секторлары бойынша ғана қолдап келген. Дегенмен, тіпті сауда үшін де Қор айналым қаражатын толтыруға 100 миллион теңгеге дейінгі несиені субсидиялайды.
Бұл мүмкіндікті қалт жібермеген кәсіпкерлердің бірі - ақтөбелік Байжарқынова Жанар Бекболқызы. Ол кәсіпкерлікті 2012 жылы сервис пен қызмет көрсету саласында бастады. Тамақтану мен қонақ үй бизнесі бойынша терең тәжірибе жинақтаған соң «Amira Grand Hall» отбасылық мейрамханасын ашуды ұйғарды.
Көп салалы мейрамхана кешеніне құрал-жабдық алу керек болғанда «Fortebank» арқылы несие рәсімдеп, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында пайыз мөлшерлемесін субсидиялады.
Бұл кешеннің ерекшелігі - қонақтар күнделікті күйбең тіршіліктен бір уақыт бой жазып, бүкіл отбасы мүшелерімен келе алатындығында. Мұнда ата-анасы демалып, көңілді кеш өткізгенде күтушілер баланы шығармашылық дамыту орны, аниматорлармен ойнау алаңында алдарқатып, қауіпсіз жерде қарап береді. Кешенінің ауданы 4000 ш.м. құрайды, оған: 400 орындық банкет залы, 150 адамға арналған дәмхана залы, 20 және 40 адамға арналған 2 караоке залы, ауданы 170 шаршы метр дыбыс өткізбейтін балаларға арналған ойын алаңы, ғимараттың төбесінде 100 адамға арналған табиғи дауыста ән салатын жазғы терраса орналасқан. Электр пандустар, жеделсатымен жабдықталған. Қала орталығындағы бұл кешенде 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, маусым кезінде тартылатын жұмысшылар саны 50 адамға жетеді.
Instagram: @amira_grand_hall
Ақтөбе, 030000 Әлия Молдағұлова 34
Телефон: +7 700 773 31 31