Спорт - жас ұрпақ саулығы мен дамуының негізі

Жаңалықтар
14.09.2020

Спортпен шұғылдану жайлы шешімді әркім әрқалай қабылдайды. Біреу үшін сымбатты мүсін маңызды болады, ал біреулер қан жүгіртіп, дене қыздырып тұруды әдетке айналдырған. Салауатты өмір салтын ұстанушылар да бір төбе.

Бизнеске жаңа аяқ басқан Арстанова Ольга жұбайымен бірлесіп Орал қаласында балалар мен ересектерге жекпе-жек өнері мен өзін-өзі қорғау дағдыларын үйрететін спорт зал ашты.

Бұл кешенді ашу үшін Ольга жинаған өз қаражатына ғимарат сатып алып, жөндеу жұмыстарын бастады. Алайда спорт құрал-жабдықтарын сатып алу үшін кәсіпкерге несие қажет болды. Алдымен Ольга кәсіпкерлік негіздерін үйрететін курсты тәмамдап, «Даму» қорына жеңіл несие алу бойынша қолдау алу үшін жүгінді. Қордың БҚО филиалындағы мамандар кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы ыңғайлы екенін түсіндірді.

«Nomad Fifghter» ЖК «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14,25%-бен несие алды. Аталған бағдарлама бойынша кәсіпкер қарызды тек 6%-бен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қоры банк талап еткен кепілдік жетпеген кезде кепіл болды.

Спортзалдын басқа кешендерден айырмашылығы – мұнда заманауи спорт жабдықтары орнатылған, жекпе-жек өнерін үйрететін және басқа да топтық бағдарламалар көп, жаттықтырушылар нағыз өз ісінің маманы. Балаларды республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындап отырады.

Мекенжайы: БҚО, Орал, Жеңіс ш/а 32/1

Тел: 8-702-790-33-16

Инстаграм: @sport_club_nomad