menu
Жабу

Мемлекеттік бағдарлама аясында «IZMIR» дәмханалар желісі қолдау алды

Жаңалықтар
14.09.2020

Павлодарлықтар қаладан шықпай-ақ түрік және еуропа тағамдары атмосферасына ене алады. Бұл – 2017 жылы басталды. Ерлан Жабағынов пен Руслан Кисилев атты екі дос сол жылдың соңында Павлодарда «IZMIR DONER & STEAK HOUSE» атты алғашқы дәмханасын ашты. Онда түрік және еуропа тағамдары дайындалады. Дегенмен, кафенің негізгі тағамы – түрік рецепті және технологиясымен дайындалатын сиыр еті мен тауық еті.

Тіл үйірер ас пен сапалы сервистің арқасында дәмхана Павлодарда тез танымал болды. Соның арқасында тамақтану орындары саны да өсті. Қазір 5 сауда нүктесі бар.

2020 жылы «IZMIR DONER&STEAK HOUSE» желісінің алғашқы нүктесін кеңейту керек болған кезде кәсіпкерлер «Қазақстан Халық Банкі» арқылы қосымша жай сатып алуға және жөндеуге 14%-бен несие рәсімдеді. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді, қалған 8% айырмасын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, жобаға «Даму» Қоры ішінара кепілдік берді.

«Біздің дәмханаларды Павлодардың әр ауданынан таба аласыз. Екібастұз қаласында да ашылды. Карантин кезінде жұмысымыз тоқтаған жоқ. Тамақты жеткізіп берумен айналыстық. Пандемия жағдайы, әрине, біздің жоспарларымызды өзгертіп жіберді. бірақ биыл біз алғашқы кафемізді кеңейтеміз деп шештік» -дейді «Doner House» ЖК басшысы Ерлан Жабағынов.

Мекенжайы: Павлодар қ., Сәтбаев көшесі. 77А

Телефон: 7 777 600 69 90

Инстаграм: @izmir_cafe_pvl