menu
Жабу

«Догма» - жауарлардың денсаулығына жауапты клиника

Жаңалықтар
15.09.2020

Білікті кадрлардың тұрақтамауы ел үшін шешімі қиын проблемалардың бірі. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Ветеринария» факультетінде жоғары білім алған Максим Падерин Челябі облысындағы ең ірі көп салалы ауруханалардың біріне барып тәжірибе жинаймын деп шешім қабылдады. Ветеринарлық клиникада 2 жыл жұмыс істегеннен кейін болашақ кәсіпкер өз Отанына оралуды жөн санады. 28 жастағы Максим барлық күш-жігері мен жинаған қаржысын Қостанайда «Догма» вет клиникасын ашуға жұмсады.

Падерин (6).jpg

Қазір Максимнің клиникасы терапевтік қызметтердің көптеген түрлерін және жануарларға арналған стационарлық қызметтер көрсетеді. Университетте дәріс оқи жүріп, Максим өзінің клиникасында тағылымдамадан өтіп, кейіннен жұмысқа қалатын жақсы кадрларды үнемі іздеуден тынбайды. Жақында қызметкерлердің бірі Алматыдағы «Ветеринарлық медицина орталығындағы» интернатурадан УДЗ зерттеу дағдыларын меңгеріп келді. Ауруға дәл диагноз қою үшін клиникаға ультрадыбысты сканер қажет еді.

Қымбат (8 900 000 теңге) құралды ісін жаңа бастаған кәсіпкердің қалтасы көтермеді. Максим көп ойланбай «Нұрбанк» арқылы 14 пайызбен несие рәсімдеді. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялап, нәтижесінде кәсіпкер тек 6%-бен ғана қарыз өтейді. Сонымен қатар, банк алдында кепілзат жетпеген кезде «Даму» Қор 1 500 000 теңгеге кепілдік берді.
Падерин (7).jpg

Қазір клиникада заманауи ультрадыбыстық жүйе бар. Бұл – дәл диагноз қойып, уақытында дұрыс ем жасауға көмектеседі. Қазір бұл клиниканың қабылдауына жазылу алдын ала жүргізіледі. Аурухана ұяшықтары толған жаруарлар. Максим болашақта үлкен көпсалалы орталық ашқысы келеді. Осы бағыттан таймаса оның ауылы алыс емесі айқын.

Телефон: 8-777-327-02-53

Инстаграмм: @maximpaderinvet

Мекенжайы: Қостанай, Интернационалистер көшесі 28