menu
Жабу

Микронесие берудің жаңа бағдарламасы бойынша алғашқы қаржы беріле бастады

Жаңалықтар
01.10.2020

2020 жылғы 7 қыркүйекте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Альфа банк» ЕБ АҚ арасында «БЖК-2025» енгізілген өзгерістер аясында микронесиелеу бағыты бойынша портфельдік субсидиялау және кепілдік беру келісіміне қол қойылды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеусіз қатыса алады. Сыйақының номинал мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспауға тиіс, Кәсіпкер үшін несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-ды құрайды. Номинал мөлшерлеме мен кәсіпкер алатын сома арасындағы айырманы мемлекет субсидиялайды.

Ал Алматылық «RC Group» ЖШС осы мүмкіндікті пайдаланған алғашқы компаниялардың бірі.

16 қыркүйекте Шымкентте «БЖК-2025» бағдарламасының бірінші бағыты - шағын және микробизнесті несиелеу аясында Жеке кәсіпкер «Баймаханов Мұратқа»  бірінші болып қарыз берілді.

Шымкенттегі «Альфа банк» АҚ ЕБ жылына 17,5% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға портфельдік субсидиялау мен кепілдендіруді мақұлдады. Оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын қарыз алушыға қалады. Сондай-ақ, Қор 85% кепілдік берді.

21 қыркүйекте Қарағанды облысында «БЖК-2025» бағдарламасының бірінші бағыты - шағын және микробизнесті несиелеу аясында «Оспанова Н.Б.» ЖК-ға бірінші болып қарыз берілді.

Қарағандыда «Альфа банк» АҚ ЕБ жылына 17,5% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға портфельдік субсидиялау мен кепілдендіруді мақұлдады. Оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын қарыз алушыға қалады. Сондай-ақ, Қор 85% кепілдік берді.

22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында «БЖК-2025» бағдарламасының бірінші бағыты - шағын және микробизнесті несиелеу аясында «Яковкин Т.Е.» ЖК-ға бірінші болып қарыз берілді.

24-28 қыркүйек аралығында Қордың Ақмола филиалы портфельдік кепілдендіру аясында Көкшетау қ. "Альфа-банк" ЕБ АҚ алғашқы үш жобасы бойынша жалпы сомасы 10,691 мың теңгеге міндеттемелерге қол қойды. Кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыруға несие қаражатын алды, кепілдік қамтамасыз ету ретінде Қордың кепілдігі ұсынылды

Петропавлдағы «Альфа банк» АҚ ЕБ жылына 17,5% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға портфельдік субсидиялау мен кепілдендіруді мақұлдады. Оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын қарыз алушыға қалады. Сондай-ақ, Қор 85% кепілдік берді.

24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында «БЖК-2025» бағдарламасының бірінші бағыты - шағын және микробизнесті несиелеу аясында «Айзен LTD» ЖШС-қа бірінші болып қарыз берілді.

«Айзен LTD» ЖШС жүк көтергіш жабдықтарды жеткізумен және өндірумен айналысады. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында кәсіпорын басшысы Сергей Литвинов «Альфа банк» АҚ ЕБ қаржыландыруға жүгінді. «Альфа банк» АҚ ЕБ жылына 17,5% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға портфельдік субсидиялау мен кепілдендіруді мақұлдады. Оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын қарыз алушыға қалады. Сондай-ақ, Қор 85% кепілдік берді.

25 қыркүйекте Павлодар облысында «БЖК-2025» бағдарламасының бірінші бағыты - шағын және микробизнесті несиелеу аясында «Каримова» ЖК-ға бірінші болып 3 770 000 теңге қарыз берілді.

Кәсіпкер жемістер мен көкөністерді сатумен айналысады. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында кәсіпкер қаржыландыру үшін «Альфа банк» АҚ ЕБ-қа жүгінді. «Альфа банк» АҚ ЕБ жылына 17,5% мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға портфельдік субсидиялау мен кепілдендіруді мақұлдады. Оның 11,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды, ал қалған 6%-ын қарыз алушыға қалады. Сондай-ақ, Қор 85% кепілдік берді.

30 қыркүйекте Альфа Банк филиалы Қостанайда бірден 2 жобаны мақұлдады. Олар: Ф.Е. Февит және И.П. Кинжусманова. Екі кәсіпкер де сауда саласында жұмыс істейді және айналым қаражатын толтыру үшін несиелер қажет болды. Несие мөлшерлемесі жылына 17,5% -ды құрады, оның 11,5% -ды «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6% -ды қарыз алушылар төлейді. Жалғыз кепіл ретінде «Даму» қорының кепілдігі несие сомасынан 85% мөлшерінде ұсынылды.

25.09.20-02.10.20 ж. аралығында Атырау қаласында Альфа-Банк бірден бес кәсіпкердің жобасын қолдады. Несие бойынша мөлшерлеме 17,5% - ды құрады, бұл ретте кәсіпкерлер тек 6%-бен  төлейді, «Даму» Қоры 11,5% ын субсидиялайды. Кәсіпкерлерге кепілдік іздеудің қажеті болмады, банк үшін несие сомасының 85% мөлшеріндегі  кепілдікті «Даму» Қоры ұсынды.

*Бағдарламаға салалық шектеусіз микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Кәсіпкер үшін портфельдік субсидиялау құралын қолдана отырып, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-ды, «Даму» Қорының кепілдігі нсие сомасының 85%-ын құрайды.