«Даму» қорының қолдауымен Қостанайда теңдесі жоқ Therma Park ашылды

Жаңалықтар
01.10.2020

Сауықтыру-шомылу кешені - үш жыл бұрын пайдалануға берілген «Қостанай Плаза» сауда-ойын-сауық орталығы құрылысының жалғасы. Енді тағы 68 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Оның төрттен бірінен астамын Therma Park алып жатыр.

12.JPG 

Мұндай ауқымды жобаны кәсіпкер Ким Игорь Романович «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жүзеге асыра алды. Несиені «Сбербанк» арқылы 13%-бен рәсімдеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-ға дейін төмендетілді.

Therma Park - ерекше сауықтыру кешені. Испан бассейндері мен неміс сауналары сауда орталығының жаңа ғимаратының бірнеше қабатында орналасқан. 18 мың шаршы метр аумақта 24 су және монша кешені, бассейндер, ванна мен сауна кез-келген жанның талғамына сай орналастырылған. Тіпті ерекше әсер сыйлайтын үңгір себезгі мен қарлы бөлме бар.

2.JPG  

Бұл тек ғимарат ішінде ғана. Сонымен қатар шатырдың ашық аспан астындағы бөлігінде де демалыс аймағы ораласқан. Мұнда жыл бойы жұмыс істейтін екі термалды бассейн бар. Суы жылы, еден ысып тұрады.

«Бізде судағы тұз мөлшері теңіздегідей - 15-тен 20%-ға дейін болатын бассейндер бар. Демалыс орнында мүлдем хлор иісі жоқ. Электролиз машиналары орнатылғандықтан, заманауи тазалау жүйесі су тазалығын қамтамасыз етеді, - дейді компания басшысы Игорь Ким.

5.JPG

Therma Park аймақтағы туризмді дамытуға зор үлес қосуда. Бұрын көптеген жергілікті тұрғындар 350 шақырым жердегі Челябі облысындағы термалды бұлақтарға демалып, емделуге баратын. Қазір мұның бәрі Қостанайда тұр. Термопарк бір уақытта 1600 адамды бір мезгілде қабылдай алады. 

@therma_park_kst

8-7142-93-11-93

Қостанай, Назарбаев, 193