info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда көп балалы ана зияткерлік мектеп ашты

Жаңалықтар
01.10.2020

Атырау қаласында балаларды білім әлеміне бойлатып жүрген іргелі орындардың бірі – 2018 жылы құрылған «SOVA» Зияткерлік мектебі.

Фото_Сапсан.JPG

Орталық жетекшісі — кәсіпкерлікте мол тәжірибесі бар Назымгүл Сағыналиева. Көп балалы ана үшін әрқашан балаларының сапалы білім алуы маңызды болатын. Перзенттерін жетелеп жүріп ол қаланың барлық оқу орталықтарына барып, баланы дамытудың көптеген әдістерін игерген. Бірақ олардың барлығына тән бір кемшілік болды. Даму жүйелі емес, біржақты еді. Осылайша, барлық негізгі танымдық дағдылар бойынша баланың зиятты тұлға етіп кешенді дамытатын жекеменшік орталық ашу идеясы келді.

Кәсіпкер оқу орталығы үшін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14,5%-бен несие алған. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер оны бар болғаны 6%-бен төлейді. Айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Өз бизнесін қолға алмас бұрын ол көптеген ресей, украин және қазақстандық франшизаларды зерттеп, баланың зердесін дамытуға арналған «SAPSAN» бағдарламасын таңдады. Бұл – Ломоносов атындағы ММУ түлектері мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің әдіскерлері бірлесіп жасаған ресей-қазақстан бренді.

PHOTO-2020-09-22-11-33-34.jpg

Бағдарлама баланың танымдық қабілеттерін логика, есте сақтау, сөйлеу, ұқыптылық, оқу, қабылдау секілді алты бағытта дамытады. Сондай-ақ, балаларға белгілі бір тапсырмаға зейін қойып, мәтінді жылдам оқу және түсіну дағдыларын, жылдам ойлау және жаңа деректерді жылдам өңдеу, ақпараттың үлкен көлемімен сапалы және тез жұмыс істеуді үйретеді. Орталықта 3 кәсіби жаттықтырушы жұмыс істейді және икемді (онлайн және офлайн) оқыту кестесі қарастырылған.

PHOTO-2020-09-22-11-36-25.jpg

Алдағы уақытта компания оқыту курстарын басқа бағыттар бойынша да кеңейтуді көздеп отыр.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 107

Телефоны: +7 701 081 99 44 +7 (776-08) 8-99-44

Инстаграм: sova.atyrau

Сайт: http://sapsanedu.com/