menu
Жабу

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен құрылыс дүкеніндегі заттар түрін көбейтіп алды

Жаңалықтар
11.09.2017

Дәрібаева Рыскүл 2000 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Кәсібін Сарыағаш қаласында құрлыс заттар сататын базар ашылғанға дейін дәрі-дәрмек сатудан бастаған. Қазіргі таңда Рыскүл құрлыс дүкенін жалға алып: цемент, шпатлевка, бояу және т.б. заттар сатумен айналысуда. Құрлыс заттарын тек Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларындағы қазақстандық өнім өндірушілерден алады. Дүкеннен зат сатып алушылар көбіне Шардара, Мақтаарал ауданының тұрғындары.

Рыскүлдің айтуынша, айына орта есеппен 1500 тоннаға дейін құрлыс материалдары сатылады. Сұраныс қазіргі заманның талабына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы осыдан екі-үш жыл бұрын «дождик» шпатлевкасы мен әртүрлі түсті бояулар сұраныста болса, қазір «травертин» сәнді жабуын іздеушілер көп.

Рыскүл ақпан айынан басталатын «өлі» маусымға алдын-ала дайындық жасап, құрлыс заттар түрін көбейту мақсатында Шымкент қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы келіп, қаржылық өнімдер жайлы кеңес алды. Нәтижесінде, осы орталық қызметкерлері Банктің мақұлдауына дейін жетекшілік жасады.

Айналым қаражатын көбейту жобасына Шымкент қаласындағы «Сбербанк» АҚ филиалы қолдау көрсетті. «Даму» қорының кепілдемесі 23 пайызды құрады.

Айта кетерлігі, Рыскүл өз өтінішін egov.kz порталы арқылы беріп, «Даму» қорының кепілдігіне 5 жұмыс күні ішінде ие болды.