menu
Жабу

«Европласт First» пен қарапайым заттар экономикасы

Жаңалықтар
01.10.2020

«Европласт First» ЖШС «Қарапайым заттар экономикасы» механизмі аясында мемлекеттен қолдау алды. Бұл – кәсіпкерге жылына 6%-бен жеңіл несие алуға мүмкіндік береді.

Компания 2001 жылдан бастап жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар шығарады және Қазақстандағы осындай өндірушілер арасында көшбасшылардың бірі саналады. Кәсіпорын тұтынушыларға металл пластик және алюминий терезелер, есік, витраж, керме төбе, аралық керегелер, автоматты шлагбаум қақпалар, қия бет жүйелер, сэндвич-панель, роллставня, пластик бұйымдарға арналған қосалқы бөлшектер ұсынады. Пвх профилі мен фурнитураға - 5 жыл, монтаждау жұмыстары мен шыныпакеттерге - 2 жыл кепілдік бар.

Европласт 14.jpg

2019 жылы маусым айында да «АТФ Банк» АҚ кәсіпорынға 7 жыл мерзімге 14,95%-бен 85 млн теңге несие берді. «Даму» Қоры Қарапайым заттар экономикасы механизмі бойынша субсидия ұсынды. Енді «Европласт First» ЖШС кнесиені 6%-бен төлейді. 8,95% айырмасын мемлекет өтейді.

Қаражат Көкшетау қаласында орналасқан өндірістік базаны сатып алуға және жөндеуге, сондай-ақ электр станциясын сатып алып, орнатуға жұмсалды.

Мекенжайы: Көкшетау, Әуелбеков 112

Тел. 8 (7162) 25-25-83, 25-15-15

Сайт www.euro-plast.kz

Инстаграм: @euro_plast_kz

vk.com/id456964052