info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Эверест – тазалық шыңы

Жаңалықтар
05.10.2020

Қостанайлық Everest отбасылық компаниясы өз фабрикасында химиялық тазарту және кілем жуу қызметтерін ұсынады.

Сайым Кадралинов пен оның баласы Азаматқа бұл кәсіп туралы идея 2018 жылы келген. Болашақ кәсіпкерлер химиялық тазарту қызметтерін пайдаланбақ болған кезде бір айға дейін кезек күту керек екенін білді. Көлік жуу орындарында арнайы құрал-жабдықтар мен химиялық заттар жоқ. Дәл сол кезде олар кілем тазартатын кәсіп ашуға шешім қабылдады.

2020 жылы компания жаңа құрал-жабдықтар сатып алу үші «Даму» қорына жеңілдікпен несие алу жөнінде жүгінді. Роторлы машина, центрифуга, ауа кептіргіш, сондай-ақ «Газель» автокөлігін сатып алу үшін несиені «Сбербанк» АҚ ЕБ «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-бен берді.
Жаңа жабдық ені 4 метрге дейінгі кілемдерді жууға мүмкіндік беріп, өндіріс қуатын 300 шаршы метрден 500 шаршы метрге дейін жеткізіп, қосымша 2 жұмыс орнын ашуға сеп болды.

Everest компанясы 15000-нан астам кілем жуған. Қала тұрғындары бұл қызметті жоғары бағалап отыр. Кілем көтеріп жүрудің, жуатын жерге апарудың қажеті жоқ. Оны тегін алып кетеді, аз уақыттың ішінде жуып, қайтып әкеп береді.