«Даму» қорының қолдауымен «Тәтті» бизнес дамып келеді

Жаңалықтар
07.10.2020

Шай ішу дәстүрі біздің елде маңызды орын алады. Бұл отбасылық, мерекелік кештердің ажырамас бөлігі. Бірақ қандай жағдайда да шайды тәттісіз елестету мүмкін емес. Бүгін тәттілер өндірісі туралы айтамыз.

Зәуреш Байтурина – Қостанай облысы, Лисаковск қаласының тұрғыны. Білімді экономист. Бес жылдан астам уақыт кондитерлік цех қоймасында менеджер болып жұмыс істеді. Екі жыл бұрын Зәуреш тәттілерді өзі өндіруге шешім қабылдады. Жұмыс берушісі Зәурешке өз үйі мен кондитерлік кешенін жалға беруге келісті.

IMG-20200930-WA0021.jpg

Бастапқы кезеңде облыс тұрғындарына Biscotti брендімен бірнеше печенье, кекс түрлерін шығара бастады. Кейіннен өнім түрі артып, торттар мен пряниктер өндірісі кеңейе түсті.

Өткен жылы цех пен құралдың иесі көшпек болып, өндірістік жабдықты сатпақ болды. Сол кезде Зәуреш осы сәтті ұтымды пайдаланғысы келгенмен, ақшасы жетпеді. Дереу «Даму» қорына жүгінді. «Нұрбанк» арқылы 15%-бен несие алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді, 9%-ын «Даму» қоры өтейді. Қор сонымен қатар банкке несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.