menu
Жабу

Мың миль жол алғашқы қадамнан басталады

Жаңалықтар
07.10.2020

Мың миль жол алғашқы қадамнан басталады. «ПолиВест» ЖШС директоры Жүсіпов Бауыржан Қыпшақбайұлы әңгімесін дәл осы сөзден бастады.

Жүсіповтер отбасы бизнеске алғашқы қадамды 1999 жылы «InPak» ​​компаниясын ашудан бастаған. Ол кезде халық арасында «майка» аталып кеткен полиэтилен пакеттер шығаратын. Басынан бірнеше дағдарыс, дефолт өткізіп, табыс тарихының әр парағын әркез жаңадан ашып отырған компания 2005 жылы қайта түледі.

2017 жылы компания Ақтөбе қаласының Индустриалды аймағында полиэтилен бұйымдары өндіріс цехін салу үшін 1 га жер учаскесін алды. Өндіріс цехы бірнеше конвейерлі ленталардан тұрады, олардың әрқайсысы өнім өңдейді.

Компания даму барымында мемлекеттік қолдауды белсенді қолданып келеді. Цех салу және жабдық сатып алу үшін «АТФ Банк» АҚ арқылы несие алды. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жылына 6%-бен несие өтеп отыр.

Бүгінгі таңда компания 70-тен астам адам жұмыспен қамтып отыр. Болашақта өнім көлемін 3 есеге арттырып, сол арқылы штатты көбейтпек.