info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Жайлы. Сенімді. Ғасырдан ғасырға»

Жаңалықтар
08.10.2020

Жайлы. Сенімді. Ғасырдан ғасырға арналған ғимарат. Бұл – Eurasia Building ЖШС ұраны. Компания Eurasia Copper ірі мыс және тау-кен компаниялары жұмыс істейтін Қарағандыдағы үлкен өнеркәсіптік холдингтің бөлігі.

WhatsApp Image 2020-09-29 at 17.08.08 (2).jpeg

Eurasia Building 2013 жылдан бері Қарағандыда құрылыс жүргізіп келеді. Олардан пәтер кілтін 600-ден астам отбасы алған. Бүгінгі таңда Қарағандыда 4 тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 5-уі аяқталып қалды. Eurasia Building ЖШС 2025 жылға дейін 1 000 000 ш. м. жайлы тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

2020 жылы компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалынан 13%-бен несие алды. Оның 7%-ын «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды, компания қалған 6%-ын төлейді. Бұл пәтер құнын қамбаттатпауға мүмкіндік береді.
WhatsApp Image 2020-09-29 at 17.08.08.jpeg
Сондай-ақ компания қайырымдылыққа жиі қатысып, мұқтаж көп балалы отбасыларға пәтер беріп, қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларға көмектесіп тұрады.

Eurasia Building ЖШС

Қарағанды қ., 137 есептік орам, 288 құрылыс

Тел.: +7 (721-29) 2-21-00

e-mail: building@eurasiacopper.kz

www.comfortcity.kz