Қазақстанда сұлулық салондары нарығы әлі де дамып келеді. Жаңа салондар күн сайын пайда болуда. Бүгін Қарағандыдағы «Айрис» сұлулық салонының иесі өз жетістік сырымен бөлісті.
«Студент кезімде өзімнің сұлулық салонымды ашуды армандайтынмын. Бірақ мен бұл қадамға тек 2011 жылы ғана бардым. Алдымен салондарда жұмыс істеп, пайызымды алып жүрдім. Бір жылдан соң «Айрис» салонымды ашып, шаш қиятын және маникюр шеберлерін жалдадым. Жалға берілетін ғимаратта 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеген кезде клиенттер көп жиналды. 2018 жылы жеке үй-жай сатып алуға шешім қабылдадым. «АТФ Банк» АҚ «Еңбек» бағдарламасы аясында жылына 6%-бен несие берді. Ал «Даму» Қоры кепілдің жетіспейтін бөлігіне кепіл болды», - дейді Ильмира Исаханова.
Қазір бұл «Айрис» деп аталатын жайлы сұлулық салонында жыл сайын мамандар шеберліктерін арттырып отырады. Салон иесі оқу орталығын ашып, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Армандау, сену және қорықпау керек». Бұл — Ильмира Исаханованың ұраны.
«Исаханова И.Ш.» ЖК
Қарағанды қ., Республика даңғ., 34
Instagram: salonairis