info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Қызылорда облысында металл тор өндіретін зауыт мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
13.10.2020

«Қызылорда Строй Монтаж» компаниясы 2009 құрылған. Негізінен металл жабынқыш, профнастил, монтаждау торларын өндіру және металл өнімдерін (арматура, құбырлар, швеллер, сетка-рабицыжәнет.б.) сатумен айналысады.

Өндірістік базада металл плиткалар мен гофрленген тақталар өндіру желісі орналасқан. Жабдық (профнастил) материалдың қалыңдығына байланысты орта есеппен минутына 13 метр өнім шығара алады.

Сондай-ақ, компанияның өндірістік базасы бар, онда мырышталған болаттан және металл арматурадан монтаждау торларын шығаратын зауыт орналасқан.

Бұл металл торлар зауыты – Қызылорда облысы бойынша жоғары сапалы өнім шығаратын және металл торларды жеткізетін жалғыз кәсіпорын. Жеке өндіріс, тауарлардың көп түрі және ең жақсы бағалар – зауыттың негізгі артықшылықтары.

Металл тор – қала құрылысы және жеке құрылыс саласындағы ең танымал тауарлардың бірі. Торды сату клиенттің алдын-ала тапсырысы бойынша жүзеге асырылады және компания тапсырыс бойынша тауардың стандартты емес өлшемдерін де жасай алады.

«Қызылорда Строй Монтаж» СК ЖШС бизнесті кеңейту мақсатында «Банк Центр Кредит» АҚ Қызылорда филиалынан профнастил, металл жабынқыш және монтаждау торларын өндіру қызметін кеңейту үшін 13,5%-бен несие алды. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесінің 6,75%-ын субсидиялады.

Мекенжайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Шымбай көшесі, 112

Байланыс телефоны: Ким Александр Юрьевич +7777-240-04-86