info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Әр үйге жылу мен әсемдік беретін терезелер

Жаңалықтар
19.10.2020

«Пластокно-Қостанай» ЖШС 2005 жылы құрылды. Осы уақыт ішінде компания шағын өндірістік цехтан Қостанай облысы бойынша пластик және алюминий терезелер нарығында жетекші компанияға айналды. Қазір жеке шеберханалары мен қоймалары болғандықтан делдалсыз, тікелей тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. 2010 жылы ламинатты профиль, терезе алды кенерелерін және жиектерін шығаратын цех, ал сәл кейінірек ПВХ және алюминий бұйымдарын құрастыратын цех ашылды.

016-1-1024x683.jpg

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін компания қызмет түрлерін үнемі кеңейтіп отырады. Осылайша, былтыр жыл соңында компания ЦентрКредит Банкінен 14,95%-бен несие алып, жаңа жабдықтар сатып алды. Оның 8,95%-ын «Даму» қоры «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялады, кәсіпкерге қалғаны 6%. Сондай-ақ, «Даму» қоры кепіл жетпеген кезде несие сомасының 50%-ын жабатын кепілдік берді.
Жаңа жабдық материалды миллиметрлік дәлдікпен өңдейді және дайын өнім тиісті саңылауға оңай орнатылады. Компания қазірдің өзінде Қазақстанда бірнеше жобаны жүзеге асырды. Мысалы, Нұр-Сұлтанда бірнеше тұрғын үй кешендеріне бұйымдар орнатты, ал Қостанайда Пластокно терезелері мейрамханалар мен қонақүйлерге, мектептер, жеке тұрғын үйлер мен пәтерлерде орнатылған.

«Пластокно-Қостанай» миссиясы - тұтынушылардың үйіне жылу мен әсемдік сыйлау. Тек жоғары сапалы өнімдер шығарып, қызмет көрсету.

@plastokno.kostanay 

plastokno.kz@mail.ru

+7 (7142) 508-408, 508-423, +7 (7142) 392-151,    +7 771 798 71 44

Қостанай, Киевская 21, Алтынсарин 30