menu
Жабу

Сапалы қызмет – басты міндет

Жаңалықтар
22.10.2020

Кәсіпкер Жұмасұлу Лекерова 10 жыл бойы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы бөлшектеп сатумен, сондай-ақ кондитерлік өнімдер өндірумен айналысады, мұнда дайын өнім пісірілген өнімдер өзінің кафе-аспаздығы арқылы сатылады.

IMG-20201021-WA0009.jpg

2016 жылы Жұмасұлу «Даму» Қорында «Кәсіпкерлік ынтаны қолдау» курсын оқып, соңында «Кондитерлік өнім өндіру» жобасын қорғады. Бүгінгі күні Жұмасұлудың арманы орындалып, «Алиф» кондитерлік үйін ашып, халық сұранысына ие болып отыр.

Елде төтенше жағдай жарияланып, Атырау қаласында да карантин болған кезде Жұмасұлу дайын өнімді тасымалдауда кедергілерге тап болды. Осы мәселені шешу мақсатында үшін ол «Даму» Қорына автокөлік сатып алу үшін жүгінді.

Кәсіпкердің жобасын Атырау қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалы мақұлдап, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 14,0%-бен несие берді. Қор ішінара субсидиялап, нәтижесінде кәсіпкер 6%-бен төлейтін болды. Сондай-ақ «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды.

«Компанияның жаңа автокөлік сатып алуы қызмет көрсету сервисін жақсартуға және дайын өнімді тапсырыс берушіге уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл біздің бизнесті дамыту үшін маңызды», - дейді Жұмасұлу Лекерова.

Атырау қ.,

Досмухамбетов көшесі, 10

Тел: 87018689236

инстаграмм: @«Alif_atyrau»