Технология дамып, тіпті ойындар мен көңіл көтеру, бос уақыт өткізу орындарына да өзгерістер енгізді. Оның ішінде тир де бар.
Павлодардағы алғашқы мультимедиялық тирдің иесі Алексей Михайлюктің айтуынша, қазіргі заманғы адамдар жарқын суреттер мен бейнелерге үйреніп қалған, ал бұрынғы типтегі тир енді қызық емес. Мультимедиялық тирде ойыншы нысананы өз қалауы бойынша таңдайды. Мысалы, танымал, сүйікті компьютерлік ойындардың кейіпкері болуы мүмкін. Қауіпсіз, полимерлі немесе оңай құйылатын қарумен қауіпсіз атылады. Сөйте тұра шынайы қарудан атқандай сезімде болады. Компьютерлік бағдарлама ойынды оқиға орнындай етіп беруге жағдай жасайды. Бизнес мобильді, оңай тасымалданады және бапталады.
Мультимедиалық тир ашу идеясы бұрыннан бар еді. Алматы мен Шымкенттегі таныстар бұл бизнесті табысты жүргізуде. Павлодарда мұндай тир жоқ болатын. «Даму» Қоры қандай бағдарлама бойынша қолдау ала алатынымды айтып, құжаттар жинауға көмектесті. Идеяны жүзеге асыруға алты ай кетті. Өйткені алғашқы барған банк несие беруден бас тартты. Мен жарты жолда тоқтауға үйренбеген адаммын. Құжаттарды басқа банкке тапсырдым»,—дейді Алексей Михайлюк.
«Сбербанк» АҚ ЕБ жабдықтарды сатып алуға 3,6 млн теңге несие берді. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайызы 14%-ды құрады, 6%-ын кәсіпкер төлейді, айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Несие сомасының 15%-ын кәсіпкер депозит ретінде ұсынды, «Даму» қоры қалған 85%-ына кепілдік берді.