menu
Жабу

«Фермер ЛТД» мемлекеттік бағдарлама бойынша тиімді несие алды

Жаңалықтар
29.10.2020

Лаула Нұрғалеев - 2015 жылы Қостанайда құрылған «Фермер ЛТД» ЖШС директоры. Кәсіпкерлік қызметі дистилляторлар мен кішігірім тұрмыстық техниканы онлайн сатудан бастаған. Екі жылдан кейін, Қостанай облысының аграрлық бағытын ескере отырып, компания өзінің профилін өзгертті және қазір «Фермер ЛТД» ЖШС ауылшаруашылығы мен коммуналдық шаруашылыққа арналған машиналар мен жабдық жеткізушілердің бірі.

Фермер ЛТД (5).jpg

Компания негізінен тұқым себу және жинау техникасы, дақылдарды химиялық өңдеуге және тыңайтқышқа арналған жабдықтар, сонымен қатар жем таратқыштар мен жемшөп жинауға арналған қондырғылар жеткізеді.

«Біздің компания ұсынатын ауылшаруашылық техникасының мол түрінің ішінен сіз өзіңізге керек ең жақсы нұсқаны оңай таба аласыз. Біздің жеткізетін өнім түрін үнемі кеңейтіп, жетілдіріліп отырамыз», - дейді Лаула Нұрғалеев.

Компанияның соңғы сұранысты ескеріп, өнім түрін арттырып отыруға деген ұмтылысы айналым қаражаты үшін айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді. Осы мақсатта «Farmer LTD» ЖШС Сбербанкке жүгінді. Онда «Даму» қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға 14,5%-бен несие алды. Оның, 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал 8,5%-ын субсидия түрінде «Даму» қоры өтейді. Сондай-ақ, несие бойынша кепілзат жеткіліксіз болғандықтан, кәсіпкерге «Даму» қоры 37 700 000 теңге көлемінде кепілдік берді.