info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Sapa дегеніміз – Сапа!

Жаңалықтар
28.10.2020

Тісі саудың – дені сау. Егер сіз тісіңізді емдетуді кейінге қалдыра берсеңіз бүкіл ағзаңызға кері әсері тиюі мүмкін.

Стоматологияға қатысты осы құпиялар мен тіске қатысты басқа да жайттарға «Sapa Dent» стоматологиялық клиникалар желісінің негізін қалаушы Талғат Мағзумовты бала кезінен қызықтыратын.

DSC_1796.jpg

«Мектеп бітірген кезде, барлық талапкерлер сияқты алдымда мамандық таңдау деген сауал тұрды. Мен көп ойланбадым. Себебі анам тіс дәрігері еді. Үлгі аларым жанымда. Академияда оқып жүргенде болашақ жарымды кезіктірдім. Ол да стоматологтар отбасынан екен. Екі баламыздың буыны бекіген соң астананы «бағындыруға» аттандық. Сөйтіп, 2010 жылы елордада «үшінші баламыз» - емханамызды аштық»,-дейді кәсіпкер.

Бастапқыда ерлі-зайыптылар әдеттегі әдіс бойынша жұмыс істеді: клиенттерді ұстап қалу үшін акция, жеңілдіктер жасады. Бірақ тәжірибе жинай келе бизнеске деген көзқарасын өзгертті және клиниканың стоматологиялық қызметтін жоғары деңгейде ұсыну стратегиясын құрды. Яғни әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы емдеуге бет бұрды.

ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ.jpg

«Бүгінгі таңда SapaDent - бұл толықтай цифрлы стоматология, қазіргі астана нарығында жалғыз! Микроскоп астында және цифрлы стоматологиямен емдеуге толық көшкен стоматология. Цифрлы түрде жоспарлап, протездеп, сәбилерді зиянсыз «Севоран» газы арқылы емдейміз. Біздің ұранымыз: Заманауилық ... Тиімділік ... Сапа!»,-дейді Талғат Мағзұмов.

Кәсіпкер бірнеше рет «Даму» қорынан қолдау алды. Алғаш рет 2018 жылы «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы жоғары дәлдікті стоматология жабдығын (микроскоп, рентген) сатып алуға өтінім берді. Ол кезде «Даму» қоры БЖК -2020 бағдарламасы аясында несиенің 7%-ын субсидиялап, қарыз сомасының 16%-ына кепілдік берді. Ал 2019 жылы микроскоп, рентген, анестезия және тыныс алу аппараттары секілді жабдықтарды сатып алу үшін тағы да «Сбербанк» арқылы 14%-бен несие алды. «Даму» қоры оның 5,4%-ын субсидиялады.

Sapa Dent – нарықта 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық. 2019 жылы клиникалар желісіне айналды. Қазір төрт бөлім істеп тұр.

Тел: 8 700 333 55 99,

Инстаграм: @sapadent_clinic

Сайт: www.sapadent.kz/