«Даму» қоры іскер азаматтарға көмек көрсетеді

Жаңалықтар
18.11.2016

Тараздағы полиэтилен пленкасын шығаратын «Полиэтилен-Агро» ЖШС зауыт құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Мекеменің негізін қалаушылар бастапқы қаржыны комерциялық бағытта жұмыс істеп жинаған. Ал қаржыны нақты өндіріске инвестициялау ойы келгенде, идеяны алыстан іздеген жоқ. Себебі өңірде жылыжай соғу үрдіске айнала бастаған еді. Қымбат полиэтилен төсемелерін әркім тапқан жерінен таситын. Неліктен соны тұтынушының маңында өндірмеске? 

Жобаны әзірлеген зауыт негізін қалаушылар, Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылып келе жатқан «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында 50 миллион теңге көлеміндегі үстемеcі 6% аспайтын несие алды. Бір жылдың ішінде, Тараз қаласында жылыжай жаймасы, өздігінен шіритін жайма, қайталама шикізатты түйіршіктеу және полипропилен жібін өңдейтін бес өндіріс желісі іске қосылды. Жылыжай жаймасын әр түрлі өлшемде өндіреді. Ең үлкені – он метрлігін Қазақстан бойынша тек осында, яғни Полиэтилен-Агрода шығарады.

Шикізатта тапшылық жоқ. Полиэтилен түйіршіктерін Ресейде, Қытайда, Кореяда, Өзбекстан және Еуропада ұсынады. Сондықтан оларды сол жақтан алады, себебі бағалары төмен.

«Бүгінгі күні кәсіпорынның басты қиыншылығы - білікті маман тапшылығы. Өндіріс желісінде жұмыс істеп жүрген жұмысшылар қытайлық құрал жабдық сатушы кәсіпорын мамандарынан дәріс алған болатын,-дейді мекеменің коммерциялық директоры Бахтияр Серкеев.

«Даму» қорының қолдауымен жүзеге аса бастаған тағы бір жоба - Наурызбекова Айгерімнің саналуан тәтті нан пісіретін шағын цехы. «Даму» қоры кәсіпкер несиесінің 85 пайызына кепілдеме беріп, пайыздық үстеменің 10 пайызын субсидиялайды. Бүгінде қордың қызметкерлері жобаны қолдағанға еш өкінбейді. Себебі жеке кәсіпкердің тәтті тағамдарын «Вкусная корзинка» супермаркет желісі сатып алуда. Мұнда батондар, торттар, тәтті күлшелер — барлығы 30 түрлі өнім бар.

Мұнда ешқандай құпия жоқ,-дейді, цехтің бас технологы Шоира Полатова. Ең бастысы мөлшерлік және технологиялық талаптарды дәлдікпен ұстану. Оған қоса, біздің құрал-жабдықтар жаңа, пештер жақсы температуралық режим ұстай алады.

Шынымен де мұнда құрал жабдыққа сараңдық жасалмай, бұрынғы қолданыстағы жабдықтарды сатып алып үнемдемей, тек жаңаларын алған. Алайда қаржыны да, аз жұмсамады. Нарықтағы, Қытай, Германия, Италия Ресей және Түркияның ұсыныстарын салыстыра келіп, Ресейлік құрал тоқтаған. Себебі, бағасы төмен сапасы және жеткізу уақыты көңілден шыққан.

Аспаздық-наубайхана өз жұмысын бұдан әрі кеңейтпек.

Бүгінде, «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдауға екі қаржылық құрал қолданады. Біріншіден, кәсіпкердің жоба бойынша қажетті кепілдігін ішінара кепілдендіру. Екіншіден, несие бойынша пайыздық үстеменің бөлігін қаржыландыру (субсидиялау),-дейді, «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының менеджері Жасұлан Есжанов.