menu
Жабу

«Даму» Қоры «КЗИ Банкке» жеңілдетілген несие үшін 5 млрд теңге салады

Жаңалықтар
29.10.2020

Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы -«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШОБ үшін жеңілдікпен қаржы бөлу жолдарын көбейтіп жатыр. Соның бір дәлелі - басымдық берілген өңірлік жобаларды қаржыландыруға арналған «Даму Аймақтар 3» бағдарламасы аясында жаңа қаржылық әріптесі - «Қазақстан-Зираат Интернешнл Банк» АҚ ЕБ-мен келісімге қол қойды. Құжат аясында Қор банкке 5 млрд теңгені 7 жылға салды.

«ҚЗИ Банк» АҚ ЕБ Қазақстандағы шетелдік үлесі бар алғашқы банктердің бірі. Түркия Республикасының ірі мемлекеттік банктерінің бірі – «Т.С. Зираат Банкасы А.Ш» еншілесі. Келісімге қол қоя отырып, «ҚЗИ Банктің» кәсіпкер-клиенттері «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы  талаптарына сай келген жағдайда салалық шектеусіз жеңіл несие рәсімдеп, кепілдік алып және/немесе субсидиялай алады. 

Осылайша, «Даму» Қоры кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруға қаржылық ұйымдар мен серіктестерді тарту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Биылғы 9 ай ішінде жеңіл қаржыландыру үшін банк, лизинг компаниялары мен микроқаржы ұйымдарына 28,4 млрд теңге салды.

«Серіктестердің көптігі қаражатты кәсіпкерлерге жедел жеткізіп, бағдарламалар аясында көптеп қолдауға ықпал етеді. Бұл – дағдарыс кезеңін еңсеруге көмектеседі және тұрақты дамуға сеп болады», - деді «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында «Даму» Қоры қолдаудың жаңа құралдарын енгізуді көздейтін даму стратегиясын белсенді жүзеге асыруда. Мысалы, биыл сәуір айында Қазақстан мен ТМД–да алғашқы болып, ислам қағидаттары бойынша қаржыландыру құралдарының бірі – Мурабаха шартына қол қою арқылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін «Al Hilal» Ислам Банкімен» келісімге келді. Ал тамыз айында Қор «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасының сауда жүйесіне алғаш рет «жасыл» облигацияларды сәтті орналстырды. Қыркүйектен бастап «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында микро және шағын бизнес несиелерін портфельдік кепілдендіру және портфельдік субсидиялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.