menu
Жабу

Дистрибьютордан сағыз өндірушіге айналған Абай

Жаңалықтар
29.10.2020

«NURTAU Distribution Company» ЖШС 2016 жылы құрылып, жуғыш заттар мен жеке гигиена құралдарын импорттап, сатумен айналысқан. Сондай-ақ Шымкентке сағыз жеткізуші жалғыз дистрибьютер болатын.

2018 жылы олар өздері тауарды тек сатып қана қоймай, өндіре алатынына көз жеткізеді. Осы 2 жыл ішінде оларда тауар өткізетін орындар, осы саладағы тамыр-таныстар көбейіп, коммуникация бойынша көп тәжірибе жиналған еді.

Осы кезде серіктестер Давран мен Абай шоколад, печенье және сағыз шығаратын жекеменшік зауыт салуды ойластыра бастады.

Фото-1.jpg

«Бұған біз бірден дайын болмадық. Бір жылға жуық уақыт бойы іздендік, қажет ақпарат жинадық, ойластық, өз мүмкіндіктеріміз бен осы кәсіптің оң- терісін есептедік. Сосын «біреуден сатып алып, қайта сататын нәрсені жасай аламыз» деп шештік»,-дейді компанияның бас директоры Абай Мырзаев.

2019 жылы сұлы шоколады мен сағыз өндіретін кондитерлік фабриканың құрылысы үшін компания «Даму» қорына жеңілдетілген несие алу үшін жүгінеді, ал жобаны қарастырғаннан кейін «АТФБанк» АҚ 15%-бен несие мақұлдады, оның 9%-н «Даму» Қоры субсидиялайды, сондай-ақ Қор кепілдің жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді.

Бүгінгі күні жаңа кәсіпорын сағатына 300-400 кг шоколадты печенье, 400-ден 500 кг-ға дейін сағыз шығара алады. Ең бастысы, өндірушілер мұндай көлемнен қорықпайды. Себебі олар сонша жыл бойы импорт өнімді сатып тәжірибе жинаған. Енді бұны өз өнімін сатуда пайдаланып жатыр.

Мекенжай: Шымкент қ., «Тассай» индустриалды аймақ.

Тел.: +7 705 131 28 11