info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ақтөбенің өз «Арасаны» бар

Жаңалықтар
02.11.2020

Гигиена - ежелгі заманнан бері адам өмірінде ерекше орын алады. Монша көп халыққа танымал, ал тарихы 2000 жылдан асады. Жалпы алғанда, ол - тазалыққа ерекше мән беретін жандардың барар орны болып саналған.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Зада Әділқайырқызы кәсіпкерлікті 2014 жылы монша салудан бастады. Өз қаражатына ашқан «Арасан» кешені сәттілік алып келді деуге болады.

2018 жылы бизнесін кеңейту туралы шешім қабылдаған кезде ауданы 6000 шаршы метрден асатын жаңа «Arasan De LUX» сауықтыру кешенінің құрылысын бастады. Ақтөбеде баламасы жоқ бұл монша 2019 жылдың соңында іске қосылды. Кешенде фитнес бөлмесі, демалыс орны, 4 бассейн, тұз және массаж бөлмелері, бірнеше демалыс орындары мен компьютер бөлмелері бар.

Аймақтағы ең үлкен монша кешенін салу «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Зада Әділқайырқызы кешенді салуға «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы, ал әйелдер залын аяқтауға «РБК Банк» арқылы несие алды. Субсидияның арқасында несие мөлшерлемесін 14%-дан 6%-ға түсірді.