Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша тасымалдау қызметіне сұраныс жоғары. Сол себептен де бизнесте осы салаға басымдық беріледі. Бұны облыста ірі шетел компанияларынның көптігі және мекемелерде штаттағы қызметткерлер санының көптігімен түсіндіруге болады. Сервистік қызметтің бір түрі – көлікпен адам тасу. Біздің кәсіпкер Амантай Усагалиев 2009 жылдан бері көлікпен адам тасумен айналысып келеді. 2017 жылы «Усагалиев» ЖК өз бизнесін кеңейту мақсатында 14%-дық мөлшерлемемен «Банк Центр Кредиттен 6,7 млн теңге несие алды. Пайыздық мөлшерлеменің 7%-ын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қатар, несие көлемінің 50%-ына «Даму» Қоры кепілдік берді.
Алдағы уақытта Амантай Усагалиев мемлекеттік қолдаудың көмегімен жолаушылар тасымалы саласында қызмет ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.