«S&W» ЖШС Қостанай нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алдымен компания жиһаз өндірісі үшін тақтай, материалдар мен бөлшектерін көтерме және бөлшек сатумен айналысқан. 2007 жылы айына 10 000 параққа дейін ағаштан жасалған ламинат панельдер шығаратын өндіріс ашты. Қостанайда қазір компанияның екі жеке дүкені бар, ол жерде дайын өнімді сатады. 2015 жылы Петропавлда филиалы ашылды.
Компания жиһаз өндіру бойынша қызметтердің барлық түрін ұсынады. Атап айтқанда жиектеу, ДСП кесу және аралау. «S&W» ЖШС-нің артықшылығы - оның барлық нарық сегменттерін қамтитын жиһаздар мен құрылыс компоненттерінің толық жиынтығы, сонымен қатар премиум-класс та бар.
Өз қызметін кеңейту үшін компания бірнеше рет «Даму» қорының мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. Сондықтан 2020 жылдың маусым айында компания Қорға және «Банк ЦентрКредит» АҚ-на қолдау сұрап келді. Банк жылына 14,5%-бен несие берді, оның 8,5%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, ал 6%-ын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша кәсіпкер төлейді. Несие айналым қаражатын толтыру үшін алынды. Компания сондай-ақ Қордың несие сомасының 50% мөлшеріндегі кепілдемесін пайдаланды, бұл кәсіпкер үшін жетіспейтін кепілзаттың орнын толтырды.
«Қазіргі уақытта, Қазақстан экономикасы күрделі кезеңді бастан кешіріп жатқан кезде, мемлекет әр кәсіпкерге әр түрлі қолдау бағдарламалары арқылы жаңа бизнес ашуға немесе жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Біздің компания 10 жылдан астам уақыттан бері «Даму» қоры жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламаларды сәтті пайдаланып келеді, бұл үшін біз оларға өте ризамыз. Біз жемісті ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз»,-дейді компанияның негізін қалаушы және директоры Инна Старушкина.
ТОО «S&W»
@tooswkst, 87471707888, 87142394000, e-mail toosw@mail.ru
г.Костанай, ул.Киевская 17а, Уральская,18