Дерматовенеролог-косметолог маман Айпара Орынқожина «визажист-салон шебері» базалық курсын аяқтаған соң Өскемендегі сұлулық салонында жұмыс істеді. Клиенттері көбейген соң 2018 жылы өзінің жеке сұлулық салонын ашты. Жылжымайтын мүлікті өз қаражатына сатып алды.
2019 жылдың мамырында Айпара шаштараз және сұлулық қызметтерін ұсынатын екінші сұлулық салонын ашуға шешім қабылдады.
Былтыр маусымда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдауының арқасында компания «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында үй сатып алып, жабдықтап, жөндеу жұмыстары үшін 6%-дық несие алды. «Даму» Қоры несие сомасынан 58% мөлшерінде кепілдік ұсынды.
«Айпара» салонында сертификаты бар 20 маман жұмыс істейді. Студия шаштараз бен сұлулық қызметтерінің көп түрін ұсынады.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Мызы көшесі 15/1 8 705 444 91 90, инстаграм centr_krasoty_aipara