«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының арқасында Петропавлдық Александр Хренов пластик терезелер шығаратын цех ашты.
«Ұзақ уақыт бойы пластик терезелер орнатушы болып жұмыс істедім. Терезе салып, ескісін алып, ауыстыратынмын. Қанша жыл жұмыс істесем де әрқашан өндірістен бастап, терезені апарып орнатып беру қызметін толық атқаруды армандайтын едім. Әйелім «Даму» қоры арқылы қолдау алуға болатындығы туралы жарнаманы көріп, банкке келдік»,-дейді «Грандокна» ЖК басшысы Александр.
Өндіріс ашуға қажет шығындарды есептей келе, кәсіпкер «Нұрбанк» арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жабдық сатып алуға 10,7 млн теңге несие алды. 15%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 6% -ын ғана өзі төлейді, қалған 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Сонымен қатар, барлық қажетті соманы алу үшін «Даму» қоры несие сомасының 50%-ына кепіл болды.
Өндірістік цех 2020 жылдың маусым айынан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпкердің тәжірибесі мен іскерлік байланыстарының арқасында тапсырыссыз қалған емес.
Контакты:
СҚО, Петропавл, Гуденко, 21, 4-бокс.
+7/705/265-19-65