«ЭКО-ФАРМ» сапалы тұмша шығарады

Жаңалықтар
09.11.2020

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС 2017 жылдан бері медицина қорғаныс киімдерін, бір реттік және көп рет қолданылатын тұмша шығарады.

Биылдан бастап айына 50 мыңнан астам обаға қарсы көп реттік қорғаныш киімін, 100 мыңнан астам бір реттік қорғаныш киімін шығара бастады. 140-тан астам адам жұмыспен қамтылған.

«Дайын өнімнің бағасы басқа бәсекелестердікімен салыстырғанда төмен. Осының арқасында компания өнімдері тез танылды», - дейді зауыт директоры Бүбеш Дінмұхамед.

Зауыттың 10 қоймасы және Қазақстанның бірнеше қаласында филиалы бар.

2020 жылы айналым қаражатын толтыру үшін зауыт «Даму» Қорына жеңілдетілген несие үшін жүгінді. «АТФБанк» АҚ жобаны қарастыра келе, қаржыландыруға 14,5%-бен несие мақұлдады. Оның 8,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.

Қал қазіргі жағдайда зауыт өнімдеріне деген сұраныс толастамайтыны айқын. Кәсіпорынның тұтынушылардың барлық талаптарына сай өнімді дер кезінде шығаруға барлық мүмкіндігі бар.

Телефон: +7 / 7252 / 39-10-00;

Эл. пошта: office@ecopharm.kz

Веб-сайта: www.ecopharm.kz