Мықты экономиканың негізі – жоғары үстеме құны бар, әртараптандырылған өнім шығару. Солардың қатарында Алматы облысындағы «Бағашар Мекен» ЖШС бар. Компания 2009 жылдан бері еуропа стандарттарына сәйкес келетін этиленгликоль негізіндегі антифриз, тосол, хладагент шығарып келеді. Компания – автомобиль салқындатқыштарының алғашқы отандық өндірушісі.
«Бағашар Мекен» ЖШС тәулігіне 200 тоннаға дейін, маусым кезінде 3 000 тоннаға дейін өнім шығарады. 120 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдер нарықта: NORD, ALFA, Z-COOL маркалы антифриз; «Теплый дом» жылу тасымалдағышы; «Север-40» тосолы сауда белгісімен ұсынылады. Шетелдік брендтер тарапынан бәсекелестікке қарамастан, компания өнімнің жоғары сапасы арқасында автохимиялық өнімдердің бөлшек сауда нарығында өз орнын тапты.
«Компаниямыз өндіріс көлемін ұлғайтып, дамып келеді. Ал ол үшін айналым капиталын толықтырып отыру қажет. Жеңілдікті шарттармен несие алуға бізге мемлекеттік қолдау көмектеседі. Мысалы субсидияның арқасында «Альфабанк» ЕБ АҚ арқылы 14%-бен алған несиемізді «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 6%-ға дейін төмендетті. Қордың несие сомасының 39%-ына кепіл болуының арқасында біз қажетті көлемде қаржы ала алдық», - дейді компания директоры Игорь Поезжалов.+7 (727) 339 15 65; 8-7273-39-15-65
Instagram: bagashar.kz
Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Сейфуллин көшесі 2/3