menu
Жабу

Жолаушыға қызмет – басты міндет

Жаңалықтар
10.11.2020

Алғашқы арба-такси Ежелгі Римде пайда болған. Алғашқы такси жүргізушілері арба айдаушылар еді. Қазіргі бізге таныс түрдегі такси 1636 жылы Лондон көшелерінде жүре бастады. Лондоннан кейін бір жылдан кейін таксимен Париждіктер таныс болды. Бүгінгі күнге дейін таксидің қызметі мен сыртқы түрі мүлдем өзгерді.

Бүгінгі кейіпкеріміз Кереев Қанат Арыстанұлы 2020 жылы «Ақберен» такси қызметін ашты. Бұл мақсатына ол «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы арқылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14%-бен несие алып, оны «Даму» Қорының көмегімен 6%-ға дейін субсидиялаудың арқасында қол жеткізді. Сондай-ақ, банк талап еткен кепілдігі жетпеген кезде несие сомасының 50%-ына «Даму» Қоры кепілдік берді.
IMG_8787.JPG

Қаражатты кәсіпкер 60 автокөлік сатып алып, парк құруға жұмсады. Өзінің жиған қаржысына газбен жүру жабдықтарын орнату, көлік құралдарын, стикерлер, рацияларды тіркеу, жүргізушілерге арнайы киім сатып алу және басқа да шығындарға жұмсады. Енді осы бизнестің арқасында өңірде 130 жұмыс орны ашылады.