menu
Жабу

К-701 жүргізушісі өз бизнесін қалай ашты

Жаңалықтар
11.11.2020

Анатолий Герасим - Степногорск қаласының қарапайым тұрғыны. Жұбайы екеуі жүк тасымалдау саласында шағын бизнес жүргізеді.

Кезінде К-701 тізгіндеген механизатор болған Анатолий 1998 жылы ескі КАМАЗ сатып алып, оны қайта жөндеп, астана, Қарағанды және Алматыға ағаш, плита секілді ауыр жүк тасымалдай бастады.

«Степногорск қаласына көшкен соң көлікті ауыстырып, ЖК ашпақ болдым. Үш бірдей жүк көлігім болса деп армандадым. Арман адамды тәуекелге итермелейді. Сөйтіп, әйелім екеуміз пәтерді кепілдікке қойып, жеке тұлға ретінде жоғары пайызбен несие алдық. Мен Камазымды сатып, МАН сатып алдым. Отбасының шығындары бар, несие төлеу керек, көлікті ұстау. Қиын болды. Үнемі қарыз алып жүретінмін. Екі-үш айлап үйде болмадым, балалардың қалай өсіп жатқанын көрмедім. Кейде көлікті сатып, қарыздарымды жауып, зауытқа жұмысқа тұрып алуға ойым кететін. Бірақ керісінше қайтадан тәуекелге барып, екінші көлікке тағы бір несие алдық. Оған жүргізуші алған соң жүгім жеңілдеді», - дейді Анатолий.

Кіріс-шығыс пен салық мәселелерімен жұбайы айналысты. Ал Анатолий сүйікті кәсібіне кірісіп, бүкіл Қазақстан аумағы мен Ресейдің кейбір қалаларына жүк тасымалдауды жалғастыра берді. Бар қарызын өтеп, несиелерін жапқан соң қайта несие алғысы келмесе де баяғы үш көлік деген ой маза бермеді. Бірақ бұл жолы пайызы жоғары несиеге жолағысы келмеді. «Даму» Қорының несие пайызын азайтып, банкке кепілдік ұсынатынын ол осы кездегі ізденіс кезінде білді.

Нәтижесінде кәсіпкер First Heartland Jýsan Bank арқылы 22,5 млн теңге несиені 14,5%- бен алып, оның 8,5 пайызын Қор ақылы субсидиялады. Анатолий тек 6%-бен төлейді. Сонымен қатар, несие алу үшін кепілдік жетпеген кезде «Даму» Қоры 11,25 млн теңгеге кепілдік берді.

«Талай жыл көлікті өзім жүргіздім. Ал қазір менде үш жүргізуші бар. К-701 тізгіндеген ауыл жүргізушісінен өз бизнесімнің иесіне айналдым. 2020 жылдың маусым айында мемлекеттің қолдауымен DAF сатып алдық. Мен арманыма қол жеткіздім! Ал «Даму» Қоры шағын пайызбен үлкен несие алуға көмектесті», - дейді Анатолий Герасим.

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

телефон 8716255 11 18; 55 11 14