menu
Жабу

Таразда жаңа кафе ашылды

Жаңалықтар
13.11.2020

Сералиева Марал Омарханқызы 2006 жылдан бері сауда жасап, кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Қазір Маралдың әйелдер киімін сататын бірнеше сауда бутигі бар.

Жылдар бойғы жиған тәжірибесіне сүйенген, әрі бизнестің басқа салаларын да байқап көрмек болған ол жазғы алаңы мен дүкені бар дәмхананы жалға алды. Қоғамдық тамақтану саласында да тәжірибе жинақтап, кәсіпкер «Даму» КДҚ АҚ Жамбыл филиалына жүгінді. Онда Қор мамандары мемлекеттік қолдау түрлері, жолдары жайлы толық түсіндірді.

Нәтижесінде мамандардың жетелеуімен Марал Омарханқызы «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы Жамбыл облысы кәсіпкерлерін қолдауға арналған өңірлік «Береке-3» бағдарламасы бойынша 50 млн теңге несиені 8,5 пайызбен алды.

IMG_8520.JPG

Мемлекеттің қолдауымен жеңіл несие алып, жалға алып отырған дәмхана сатып алған Марал Омарханқызы қазір өңір тұрғындары мен қонақтарын кәсіби аспаздардың дәмді тағамдарымен қуантып отыр.

Дәл қазіргі коронавирус пандемиясы кезінде мейрамхана бизнесі тәуекелі жоғары салым түрі болса да кәсіпкер өзіне сеніп, іске бел буып, жобаға тек қаржы ғана емес, бар тәжірибесі мен күш – жігерін салды.

Тараз қаласы, Жайлау (3) ш/а, №9-үй

Instagram: @kausartaraz

моб; 8700-570-57-57; 8775-479-57-44; 8705-832-55-70