info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда отандық өндіріс орындары көбейіп келеді

Жаңалықтар
16.11.2020

«Safety systems LTD» ЖШС компаниясы Атырау облысында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келді. Арнайы киім, аяқ киім және еуропа, үнді және қытайда өндірілген жеке қорғаныс құралдарын сатумен айналысқан.

    1.jpg

2016 жылы компания ISO:9001 стандартына сай жұмыс киімдерін өздері шығару үшін тігін шеберханасын ашуға шешім қабылдады. Қазір «Safety systems LTD» компаниясы заманауи, қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Жыл сайын арнайы киімге деген сұраныс артып келеді. Олардың ішінде: отқа төзімді қысқы және жазғы арнайы киім мен күртелер, сигналдық және деми-маусымдық кеудешелер, деми-маусымдық күртелерге тапсырыс көп. Бұл – мамандарды өндірістегі зиянды факторлардан жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.

Ресей, Үндістан, Қытай және Тайвань еліндегі серіктестерімен арадағы ынтымақтастықтың арқасында компанияның өндірісті кеңейтіп, жылына 6000 данаға дейін өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Серіктестерге ыңғайлы болып, әрі тауар сатуды оңтайландыру үшін басқа облыстарға өнім жөнелтетін өз қоймалары бар.

Айналым қаражатын толықтыру қажет болған кезде компания «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14%-бен несие алды. Оның тек 6%-ын ғана төлейді. Айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қор несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.
3.jpg

«Біздің компания «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына бірнеше рет қатысқан. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай қолдау компанияға жаңа технологияларды енгізіп, қолдануға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ «Даму» Қоры ұйымдастыратын «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінің белсенді қатысушысыларының біріміз»,-дейді кәсіпорын басшысы Бачу Шива Редди.

Атырау қаласы, Исатай даңғылы, 2А, 1-ғимарат

Тел. +77083503063, +77083503052

www.safety-systems.kz

www.draftone.kz