menu
Жабу

Мақсат қойған адамның алдынан барлық есік ашылады

Жаңалықтар
17.11.2020

«Театр киім ілгіштен басталады». Ал кез-келген үйдің келбеті есіктің түр-түсі мен сапасына байланысты. Бір қарағанда күрделі ештеңе жоқ сияқты болғанмен, ұңғыл-шұңғылы көп шаруа дер едік. Бүгінгі кейіпкеріміз бұл индустрияның барлық қыр-сырын біледі. Себебі 2009 жылдан бастап есік сатып, соңғы уақытта өзі де жасап жүр.

Хайрушев Биболат Өтегенұлы есік сатумен айналысқан жылдары Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент қалаларында да филиал ашқан. Біртіндеп, тәжірибе жинақтай отырып, есік шығаратын зауыттарға барып, осы бизнестің барлық қыр-сырын жан-жақты зерттеп, кәсіпкер қазақстан нарығынан шетелдік өндірушілерді ығыстырып, отандық өнім шығаратын уақыт келді деген шешімге келеді.

2017 жылы Биболат Өтегенұлы айналым қаражатын толықтыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алды. Даму Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мөлшерлеменің 10%-ын субсидиялады. Ал жыл соңында кәсіпкер есік шығаратын цех орналасқан үй-жайды жалға алды.

 Кәсіпкер бұл саладағы соңғы сән үлгілеріннен қалмау мақсатында қазір «Даму» Қорының көмегімен италия жабдығын сатып алуды жоспарлап отыр. «Eurasian trend» ЖШС өнімі қазір Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында ор орнын алған, танымал. Кәсіпкер болашақта ТМД нарығын жаулап, зауыт салуды жоспарлап отыр.

+7 705 143 0208, +7 702 676 8069

Эл.адрес – Eurasiantrend@mail.ru

Инстаграм: @adoors.kz