info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«ДАНА-ДЕНТАЛ» стоматологиясы

Жаңалықтар
24.09.2020

Көп адам тіс дәрігеріне бару дегенді тек жағымсыз эмоциямен ғана еске алады. Бұл – ащы инъекция немесе қатал дәрігерден болуы мүмкін.

Алайда, Ақтөбеде ел көңілінен шыққан, ауру дегенді білдірмейтін тіс емдеу клиникалар желісі бар.

41a3d58d-e995-4917-94d7-2186cd369a44.jpg

«Дана-дентал» - ересектер мен балаларға стоматология қызметін көрсететін желі. Компания 2001 жылдан бастап Бақытжан Жәкенұлының басшылығымен жұмыс істейді. Мұнда ең тиімді және жаңа технологияларды, танымал әлемдік брендтердің жабдықтары мен материалдарын қолданады. Бұл клиника бөлімінде сіз аймақтағы ең танымал және сирек кездесетін стоматологиялық сала мамандарынан кеңес ала аласыз.

f1dc2984-9000-4034-9795-79e5eaab0a9d.jpg

Жаңа филиал «Батыс-2» ықшамауданында ашылды. Стоматологиялық жабдықтар «Сбербанк» АҚ берген несие есебінен алынды. Сонымен қатар, компания «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін ішінара субсидиялады. Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында қосымша 150 жұмыс орны құрылды.