info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Almaty Business – бизнестің жаңа тынысы

Жаңалықтар
19.11.2020

«Cement Trade» ЖШС Алматы мен Алматы облысына цемент пен керамзит жеткізумен айналысады. Сапалы құрылыс салып, конструкциялар шығару үшін компания цементтің әр түрі мен маркасын ұсынады. Отандық нарықта шет елден келетін өнім түрлерінің көптігіне қарамастан отандық цементке сұраныс кеміген емес. Себебі ол еуропалықтан кем емес, тіпті кейде асып түседі.

9429411762603907_333b.jpg

Портландцемент – бұл қарапайым цементтің әр түрінің басын қосқан өнім түрі. Ауа-райының қолайлы болуына байланысты портландцементке тапсырыс жыл бойы толастамайды. Негізгі тұтынушылар: құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар мен өндірістік жұмыстар үшін пайдаланатын құрылыс компаниялары. Компанияның цементті жедел жеткізіп беретін заманауи ауыр жүк көліктері мен арнайы техникасы жеткілікті.

Козжанов Диас Болатбекович.jpg

Цементке деген тұрақты сұранысқа байланысты компания директоры Қозжанов Диас «Альфа Банк» АҚ ЕБ арқылы, Almaty Business өңірлік бағдарламасы бойынша 100 000 000 теңге несиені 7%-бен алды. «Даму» Қоры кепіл болды.

Мекенжайы: Алматы, Бөкейханов көш., 81/2 каб. 3

(Ратушный көшесінен кіру КСМК-3 аумағы)

Тел.: +7 (707) 757-00-20-Аслан

+7 (707) 757-00-30-Александр

+7(747) 196-50-88-Бақыт

Толығырақ: cement-trade.kz

E-mail: info@cemtrade.kz