Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Гүлсім Аманбайқызы Тәңірбергенова 2008 жылы «Саяжан медициналық орталығы» ЖШС тіркеген. Ал 2010 жылы қыркүйекте «Сенім-клиник» атты ем-диагностика орталығын ашты.
1000 шаршы метрден асатын ғимаратта жүзден астам маман қызмет етебі. Клиника заманауи МРТ, рентген, ультрадыбыс және ең жақсы зертхана қондырғыларымен жабдықталған. Пациенттерді терапия, педиатрия, гинекология, кардиология, неврология, урология, эндоскопия және т.б. салалар бойынша жоғары білікті мамандар қабылдайды.
Бұған дейін «Даму» Қорының Ақтөбе филиалының қолдауымен компания медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға қаржы алған болатын. Биыл айналым қаражатын толықтыру керек болғанда Ақтөбе қаласындағы «АТФ Банк» филиалынан несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ішінара кепілдік пен субсидия алды.
Instagram: @senim.clinic
Ақтөбе, 030007 Бейбітшілік көшесі 41
Телефон: + 7 7702 267 4393